Ассаламалейкум бауырларым!!! Сіздерге Қасиетті Рамазан айында ораза ұстау және намаз оқу уақытының кестесін жіберіп отырмын Бұл Астана уақыты бойынша.
Ауызды тан намазын оқуға 10 минут қалғанда бекітеді, сондықтанда 03.45-те тұрып таңғы шәйіңді - сәресін - ішесің! Сәресің ішіп болған соң, дастарханға бата бересің: "Дастарханның байлығын берсің, өліге иман, тіріге береке берсің!! Сосын ауыз бекітудің ниетін айтасың:" Алла тағала, Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім. Таңның атқанынан, кештің батқанына дейін бір өзіңіздің ризашылығыңыз үшін аузымды бекіттім! Алла тағала қабыл ете көр!",- деп 04-тен 20 минут кеткенде тамақ ішуді аяқтайсыз. Сосын дәрет алып, таң намазын оқисыз.
Ораза айы бойы өсек айтуға, жаман сөз айтуға, ұрсуға, жаман суреттер мен жаман кинолар көруге болмайды. Бұл айы кешірім айы. Бұран ренжіскен адамдармен қарым-қатынасты жақсарту айы.
Кешке күн батқан соң, сағат 20.24-те аузымызды: "Ия, Алла! Сіздің ризашылығыңыз үшін ораза ұстадым. Өзіңіз берген ырзықпен ауыз аштым! Сізге иман етіп, сізге тәуекел еттім. Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет еттім. Осы өмірде біліп те, білмей де істеген күнәларымды кешіре көр!!! !, - деп бірінші сумен ашамыз.
Ораза қабыл болсын, бауырлар!