- Көрермен табынушыларыңызға өзіңіз туралы тереңірек айтып кетсеңіз?
1982 жылы Ыстанбұл қаласында дүниеге келдім. Иылдыз коледжін аяқтаған соң Мимар Синан атындағы Түрік Мемлекеттік Консерваториясының Театр бөлімінде оқыдым. Менен жеті жас үлкен әпкем бар. Отбасылы, Америкада тұрады. Әкем Танжи Корел мен анам Хулия Дарджан Түркиядағы беделді әрі атақты актерлер. Балалық шағымның ең керемет кезі «Ұлыста» өтті. Жеміс ағаштары мол шағын қалашық еді. Ағаштардың бұтағынан түспейтін едім. Ұл бала сияқты өстім. Кірпі сияқты бірнеше жануарларды күтіп қарайтынмын.
- Кірпіні күтіп бақтым дейсізбе? Қызық екен!
Ия... Бір күні бақшада ойнап жүріп, доп бейнесіндегі сырт пішіні тікен сияқты бір нәрсе назарымды аударды. Не болды екен деп қорықтым. Сөйтіп, кірпімен таныс болдым. Күн сайын бақшаға тамақ әкеліп, қалай жейтінін тамашалайтын едім. Әр нәрсені өзімше жасай жүріп, сол уақыттың ішінде үйрендім. Балалық шағымда емін-еркін өстім. Жалпы айтқанда қайшылықтарға толы бір жылдарым өтті десем дұрыс болар...
- Қалай сонда?
Мен сондай ерке өстім. Анам мен әкем беделді адамдар еді. Марқұм әкем өнер адамы болғандықтан жолсапарға көп шығатын. Яғни, біздің белгілі бір қағидаларымыз бар еді. Мәселен, бәріміз дастарханға толық отыруымыз керек. Міндетті түрде моншаға жуынып келгеннен соң анамыз бен әкеміздің қолынан сүйеміз. Әр жексенбі сайын орманға қыдыруға барып, көкке отырып қайтатынбыз. Бұлар Корел әулетінін әдеті болатын. Үйдің кенжесі болғандықтан барлығы мені алақандарына салатын. Соны пайдаланып өздігімнен бір нәрселерді жасағым келді.
- Не істедіңіз?
Барлық жолдастарым мектепке автобуспен барса, мені анам алып баратын. Бұл мен үшін маңызды болды. Басыма бір күні ой келді. Қысылсам да қалауымды әкеме ашық айттым. Барлығы қарсылық көрсетпестен қалтама ақша салып, рұқсатын берді. Мектептен шығып, аялдамаға келдім. Бірақ кете алмадым! Себебі қандай автобусқа мінетінімді қандай аялдамадан түсетінімді де білмеймін. Ұрлап кетер деп, тіпті, таксиге де мінуден қорқып Гайретпеден Ұлыс ТРТ жаққа қарай жүрдім. Сөйтіп екі жарым сағаттан кейін үйге келдім. Бұл жағдайдан кейін үйдегілер өздігімнен бір нәрселер жасауыма тыйым салды.
- Спортпен де айналысыпсыз. Солай ма?
- Ия, волейболда ойнадым. Әкем маған кішкентай кезімде-ақ құрметпен қарап, көптеген үйірмелерге қатыстырды. Пианинода ойнауды, мұзда конькимен сырғанауды және билеуді үйрендім. Әр істін басын шалып, маймыл сияқты бір бала болдым. 4 жасар кезімде төрт жарым келі артық салмақ қосыппын. Қомағай болғаным сонша, үлкен бала болдым. Бірақ қайтадан бастауыш сыныпқа барғанымда аза бастадым. Кейін қатты арықтағаным соншалық, мені сыртымнан «торта шабақ сияқты арық» дейтін болды... Сөйтіп бір жылдары қол-аяғы томпақ қыз болғанмын. Кейін дене бітімім қалпына келді.
- Артық салмақтан арылған соң жігіттер қауымының назарына іліге бастадыңыз...
- Ия, жігіттердің маған қадала қарағанын түсінбей, өзімді олардан аулақ ұстап қашатынмын.
- Осындай кездерде әкеңізден сөз естуші ме едіңіз?
- Әкем қызғаншақ еді. Әсіресе, балаларын қатты жақсы көргендіктен, қорғаштаймын деп жүріп айналасына ыңғайсыздық тудырып та жүретін. Бірде қызмет көрсетуге даяшы жігіт біздің дастарханымызға жаңылысып келіп қалған еді. Содан үлкен жанжал туындап кеткені бар. Жанұянын кенжесі болғандықтан мені ерекше жақсы көрді. Әркез бала көретін. Мәселен. мені дос жігітім үйден алып кетуге келгенде әкем оған: «Кел, балам нар ойнап тастайық!» деп оны таңға дейін ұстап отырушы еді. Мұның бәрі мені сыртқа шығармаудын амалы. Әкем менің көз алдында жүргенін қалайтын.
- Әкеңіздің шамадан тыс жақсы көруі сіздің психологияңызға қалай әсер етті?
- Бір күні «Мені қорғаштама!» деп әкеме қатты дауыс көтердім. Үйдің ішінде сенделіп, өзімше бір әлем болып жүрдім. Сағат 17.00-ден кейін үйден шықпай бөлмемде жатып алушы едім. Сол кездегі көрсеткен дөрекілігіме қарамастан әкем маған түсін суытпады., 24 жасымда әкемнен айрылып, өзімді жалғыз қалғандай сезіндім. Кейде маған әкем тірі сияқты көрінеді де тұрады.
Сообщение отредактировал Kyz-Zhibek: 10.04.2011, 00:29:04