13-2/6151
24.06.2011
Барлық арыз иелеріне
(тізім бойынша)
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті қазақстандық азаматтармен шет елде сатып алынған автокөліктерді Қазақстанға қайтаруға көмек көрсету бойынша өтініштерді қарастырып, аталған мәселенің мән-жайын анықтау және қажетті көмек көрсету мақсатында шет мемлекеттердегі еліміздің дипломатиялық өкілдіктеріне шұғыл түрде тапсырма берді.
Біріккен Араб Әмірліктеріндегі «Sepid Trading L.L.C» көлік тасымалдаушы компаниясының банкротқа ұшырауы мен автокөліктерді тасымалдау бойынша өзіне жүктелген міндеттерін атқармауына байланысты,
еліміздің Дубай және Тегеран қалаларындағы өкілдіктерінің дер кезінде атқарған жұмысының арқасында бірқатар автокөлік Иран кеденінен босатылып, 400-ге жуық автокөлік Иран аумағынан шығарылды.
Сонымен қатар, қазіргі таңда Түрікменстаннан елге 24 автокөлік теміржол арқылы жөнелтілді және өз жолымен жүргізу арқылы 100-ге жуық автокөлік жолға шықты.
Қытай Халық Республикасында тұрып қалған автокөліктер, яғни 98 контейнердің 44-і Қазақстанға келер жолда екендігін хабарлаймыз.
Айта кетерлік жайт, сатып алынған автокөліктерді Қытай аумағынан өткізуге жауапты болып табылатын американдық компания өкілінің көліктерді Қазақстанға жіберу мәселесі ҚР-дың ҚХР-дағы Елшілігі араласқаннан кейін ғана орнынан ілгерілеп, әлдеқайда жеңілденгені туралы ақпаратын назардан тыс қалдырмаған жөн болар еді.
Сондай-ақ, көліктерге қатысты туындағын жағдаяттың орнынан қозғалуына және жүздеген автокөліктердің елге жеткізілуіне Қазақстанның шетелдегі консулдық қызметкерлері үлкен септігін тигізді, яғни заң шеңберіндегі қолда бар құзыретті барынша пайдалана отыра, қазақстандық азаматтардың өтініштерін мұқият қарастырып, атқарылған орасан зор еңбекке қарамастан, шетелде сатып алынған автокөліктердің барлығының үстіміздегі жылғы 1 шілдеде, өкінішке орай, жете алмау қаупі бар екендігін айтқан жөн деп есептейміз.
Ал, жоғарыдағы шиеленіскен оқиғаны тұжырымдап, келесідей нәтиже жасауға болады.
Қазақстан Республикасы азаматтарының шағымдары шетелдік көлік компаниялардың өз мойнына алған міндеттемесін орындамау немесе тиісінше орындамауынан туындап отырған жағдай болып саналады, сондай-ақ осы аталған даулар жеке сипатта шешілуі тиіс, себебі қазақстандық азаматтармен шетелде сатып алынған автокөліктерді тасымалдау азаматтық-құқықтық шарттан келіп шығады.
Мұндағы екі дауласушы тарап жеке тұлға болғандықтан, көтеріліп отырған бұл мәселе азаматтық құқық шеңберіне жатады.
Осыған байланысты, аталған дау тасымалдаушы ұйым қандай мемлекеттің азаматтығында болса, сол мемлекет заңнамасына сәйкес немесе тасымалдау шартында тараптардың өзара келісілген тәртібі бойынша шешілетінін назарларыңызға саламыз.
Сондай-ақ, мемлекеттер (өз заңнамасы шеңберінде тіркелген) заңды тұлғалардың міндеттемелері үшін жауапты емес екендігін есепке алуды да жөн санаймыз.
Жоғарыда көрсетілгенге төмендегідей мысал келтіруге болады.
1999 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Иран Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы ұзақ мерзімді сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы Шарттың 2 бабының 4 тармағына сәйкес, келісуші тараптар өз мемлекеттеріндегі шаруашылық субъектілердің екінші тараптың жеке және заңды тұлғаларымен жасасқан шарттар немесе қандай да бір уағдаластықтарды жүзеге асыру барысында жауапты болмайды деп бекітілген.
Осы себептен, бұл мәселенің оңтайлы шешімін табу мақсатында Сіздерге Қазақстан Республикасының сот органдарына жүгінуді мақсатқа сай деп есептейміз.
Қосымша: __парақ.
ДИРЕКТОР қ/қ С. ЖАҢАБАЙ
Орынд.: И.Жайсанбек
Тел.: 720486
Это письмо ответ диренктора департамента консульской службы МИД РК на многочисленные обращения граждан, хотя ему никто не писал, все обращались к министру иностранных дел. Но наверное у министра клава сломалась либо с простым пиплом он не общается и поручил этот вопрос напечатать г-ну С.Жанабай, а он перепоручил испонителю по имени И.Жайсанбек. Краткий перевод для тех кто не понимает по казахски:
1) Ваши заявы поступили мы их прочитали
2) Поняли что вы лохи ушастые и вас буржуи кинули
3) Ваши заявы передали в соответствующие посольсьва и консульства (КНР, ОАЭ, ИРАН и т.д. и т.п.)
3) Наши батыры в посольствах и консульствах бились и сражались, они все представлены к ордену Парасат и Халык Кахарманы.
4) В результате битвы наших посольских батыров вывезены и находятся в состоянии вывоза: из Ирана ___ тачек, из Туркмении ___ тачек, из Китая __ тачек. (Сколько там похоронится не отметили)
5) Государство для вас сделало всё что могло и невозможного не просите
6) А остальные вопросы решайте в соответствии с гражданско-правовым кодексом РК в судебном порядке, либо бомбите тех буржуев которые вас швырнули ибо вы не есть государство, а так обычные людишки и голову не морочьте.
P.S.Как говорят братья кыргызы : ОМУР ДЕГЕН ОШУНДАЙ!!!!!!!!!!!
Если кто приведёт более точный перевод, то я только буду приветствовать.
Сообщение отредактировал Ali-Ali: 25.06.2011, 00:42:28