После Куйнды Мекен будет сериал «Ұлы ханша Сон Док»
Әйгілі актерлардың қатысуымен эпикалық жанрда түсірілген телехикая. «Ұлы ханша Сон Док» MBC-дің көпке танымал «Ханзада Жумон», «Сарай әміршісі» фильмдері сияқты 2009 жылдың үздік телехикаяларының қатарына қосылуға жақын. Бұл шағын телетоптаманың сценариін жазушы – «Сарайдағы қазына» фильмінің авторы Ёң Хён болып табылады. Силла патшалығының ханшайымы болып, кейін сол елдің билік басына келген Сон Доктың өмірі жайлы шынайы оқиғаларға негізделген телехикая. Оны көптеген жетістіктер күтіп тұрды. Корей мемлекетінің тарихындағы үш патшалық заманында дүниеге келген Док Ман, (Док Ман – Сон Доктың бала кезіндегі аты), екі егіз қыздың сыңары болып туылады, кейін әке-шешесі оны тастап кетеді. Жылдар өте, ол тақ мұрагері болғысы келген Ми Шилге қарсы шығып, сарайға қайта оралады және өзінің сыңары Чон Мёң ханшайымның қасына келеді. Ми Шил осы екі қызды сарайдан кетіру үшін қастандық ойластырады. Алайда, ақылы асқан дана ханшайым Док Ман қолбасшы Ким Ю Шиннің көмегіне жүгініп, өзінің қас дұшпаны Ми Шилді жеңіп шығады. Сөйтіп, Сон Док – Силла патшалығындағы ең алғаш әйел билеуші ретінде тарихта қалады