Перейти к содержимому

Baurzhan.Y

Baurzhan.Y

Регистрация: 21.08.2009, 09:51
Offline Активность: 24.08.2009, 18:32
-----

В теме: Ораза

24.08.2009, 18:32:44

Саләматсыздар ма?
Біріншіден: әйел адамдар "ассалаумағалейкум"- деп амандаспайды. Себебі, "ассалаумағалейкум",- деген сөз араб тілінен аударғанда "мир вашему дому", ал жауабы "уағалейкумуссалам",- деген "мир и твоему дому" деген сөз. Бұл сөзді шаңырақ иелері ғана, яғни ЕР адамдар ғана қолданады. Әйел үй иесі бола алмайды, сондықтан да ол "сәләмәтсіз бе?",-деп қана амандасады. Әйел - ЕР адамның қабырғасынан жаратылғандықтан, ол өмір бойы өзінің ЕРіне көмекші, ақылшы, балаларының анасы болады. Ал ЕР адам әйелді сыйлауға міндетті. Егер де ол әйелді сыйламаса, әйелің өзіңше "түзу" қылдырамын десе, онысы қате! Қабырға түп-түзу болса сынып кетпей ме? Сыйластық, түсіністік, махаббат шаңырақтарыңызға!
Екіншіден:Ораза айының бір пайдасы - пендеге өз нәпісін тыюға үйретеді, көмектеседі. Шылым тарту, арақ ішу т.б. - нәпіс. Бір ай бойы нәпісінен тыйылу міндетті. Кешке ауыз ашқаннан кейін шылым шегуге болмайды! "....нәпісі деген шынында жаман істерге бастайды",- ("Жүсіп" сүресі, 53- аят)
Үшіншіден: шелпекті сумен дұзға ғана илейді. Себебі, су мен дұз ханның үйінде де, жарлының үйінде де бар.
Төртіншіден:шомылуға болады. Тек тамаққа және құлаққа су кетіруге болмайды.
Рахмет. Оразамыз қабыл болып, осы өмірде біліп те білмей де істеген күнәләрымызды кешіре гөр, Алла-Тағала!

В теме: Ораза

21.08.2009, 13:04:57

Ораза кабыл болсын!!
у меня вопрос: можно ли вечером курить кальян или нет?? после ауфыз - ашара??


Курить, употреблять алкоголь строго запрещено.

В теме: Ораза

21.08.2009, 10:56:02

Ассаламалейкум бауырларым!!! Сіздерге Қасиетті Рамазан айында ораза ұстау және намаз оқу уақытының кестесін жіберіп отырмын Бұл Астана уақыты бойынша.

Изображение

Ауызды тан намазын оқуға 10 минут қалғанда бекітеді, сондықтанда 03.45-те тұрып таңғы шәйіңді - сәресін - ішесің! Сәресің ішіп болған соң, дастарханға бата бересің: "Дастарханның байлығын берсің, өліге иман, тіріге береке берсің!! Сосын ауыз бекітудің ниетін айтасың:" Алла тағала, Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім. Таңның атқанынан, кештің батқанына дейін бір өзіңіздің ризашылығыңыз үшін аузымды бекіттім! Алла тағала қабыл ете көр!",- деп 04-тен 20 минут кеткенде тамақ ішуді аяқтайсыз. Сосын дәрет алып, таң намазын оқисыз.

Ораза айы бойы өсек айтуға, жаман сөз айтуға, ұрсуға, жаман суреттер мен жаман кинолар көруге болмайды. Бұл айы кешірім айы. Бұран ренжіскен адамдармен қарым-қатынасты жақсарту айы.


Кешке күн батқан соң, сағат 20.24-те аузымызды: "Ия, Алла! Сіздің ризашылығыңыз үшін ораза ұстадым. Өзіңіз берген ырзықпен ауыз аштым! Сізге иман етіп, сізге тәуекел еттім. Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет еттім. Осы өмірде біліп те, білмей де істеген күнәларымды кешіре көр!!! !, - деп бірінші сумен ашамыз.

Ораза қабыл болсын, бауырлар!

Размещение рекламы на сайте     Предложения о сотрудничестве     Служба поддержки пользователей

© 2011-2022 vse.kz. При любом использовании материалов Форума ссылка на vse.kz обязательна.