Перейти к содержимому





- - - - -

Туу туралы куәлікке ЖСН жазып беру үшін ХҚКО қызметкерлері 2012 жылдың 1 тоқсанынан бастап балабақшалар мен мектептерге баратын болады

Опубликовал: intelfan, 13 Декабрь 2011 · 1 149 Просмотров

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) 2007 жылдың тамыз айынан бастап берілген туу туралы куәліктерде көрсетілген. (Сондай-ақ, кәмелетке толмаған азаматтардың паспорттарында жазылған).

Қазіргі уақытта туу туралы куәлікті 1996 жылдан 2007 жылдың тамыз айына дейінгі аралықта алған азаматтар ЖСН алулары керек. Бұған дейін берілген туу туралы куәліктерде ЖСН жазылмаған. Бірақ, бұл құжат иелері 16 жасқа толған соң, ЖСН көрсетілген жеке куәлікке ие болды.

ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын үйлестіру комитеті «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық реестрі туралы» ҚР Заңының 13- бабының 3 тармағында ЖСН жоқ құжаттардың жарамды деп жазылғанына назар аударуды сұрайды.

Ата-аналарға қолайлы жағдай туғызу үшін және ХҚКО ұзын-сонар кезекті болдырмау үшін, 2012 жылдың 1 тоқсанынан бастап ХҚКО және көші-қон полициясы бөлімшелерінің қызметкерлері орта білім беретін мектептер мен балабақшаларды аралауды жоспарлауда. Бұл іс-шара барысында туу туралы куәліктерінде ЖСН жоқ 16 жасқа толмаған балаларға ЖСН тегін беріледі.

Мобильді топтың жұмыс кестесі туралы ата-аналарға мектептер мен балабақшалардың әкімшілік қызметкерлері арқылы алдын-ала хабарланатын болады.

Естеріңізге салып өтеміз, ЖСН азаматқа өмірінде бір рет қана беріледі. Тегіңіз бен құжатыңызды, тұрғылықты жеріңізді ауыстырған жағдайда да ЖСН нөмірі ауыстырылмайды.

Прикреплённые изображения:

  • Прикрепленное изображение


  • 0


Размещение рекламы на сайте     Предложения о сотрудничестве     Служба поддержки пользователей

© 2011-2022 vse.kz. При любом использовании материалов Форума ссылка на vse.kz обязательна.