Перейти к содержимому

ОО ФСО «Динамо»

ОО ФСО «Динамо»

Регистрация: 02.12.2014, 15:32
Offline Активность: 14.11.2018, 15:27
*****

#34229279 Физкультурно-спортивное общество "Динамо"

Опубликовал: ОО ФСО «Динамо» 23.08.2016, 20:01:26

Соседи - Узбекистан нас обощли. На следующей Олимпиаде в Токио надо догонять и обгонять! И не только в боксе!

 

 

 

Но все равно это хороший результат. Спасибо за пожелания. Думаю ребята будут стараться


  • 1


#34224915 Физкультурно-спортивное общество "Динамо"

Опубликовал: ОО ФСО «Динамо» 22.08.2016, 13:33:22

Все медалисты - динамовцы у нас, получается?


Sent from my iPhone using Tapatalk

 

Да, все, кроме Рыпаковой


  • 1


#34218598 Физкультурно-спортивное общество "Динамо"

Опубликовал: ОО ФСО «Динамо» 19.08.2016, 13:41:44

Жарайсың, Ларионова!
19.08.2016
Әйелдер күресінен 63 келі салмақта белдескен 22 жастағы қазақстандық балуан, динамолық спортшы Екатерина Ларионова Рио олимпиадасында қола медаль олжалады.

14079988_673557642801141_898226939160735

Гюзель Манюрова – күміс жүлдегер
19.08.2016
Қазақстандық балуан қыз, динамолық спортшы Гюзель Манюрова әйелдер арасындағы күрестен Олимпиада ойындарының күміс медалін тағынды.

14079849_1806283436257510_27401195240427

Күміспен күптелген Әділбек
19.08.2016
Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарында бокстан 81 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен динамолық спортшы Әділбек Ниязымбетов күміс медаль еншіледі.

Niyazymbetov-4.jpg


  • 1


#31584461 Физкультурно-спортивное общество "Динамо"

Опубликовал: ОО ФСО «Динамо» 04.02.2015, 09:19:51

2014 жылдың үздік спортшысы анықталды
 

IMG_0208-300x199.jpgҚР Мәдениет және спорт министрлігі «2014 жылдың үздік спортшысын» анықтады. Министрліктің ресми сайтында жарияланған байқауға жанкүйерлер интернет арқылы дауыс берді. Ал үздіктердің қатарына 2014 жылы түрлі халықаралық жарыстар мен әлем чемпионатында топ жарған 15 спортшы таңдап алынған.

Ең қуаныштысы, министрліктің даңдауына іліккен үздіктердің денін динамолық спортшылар құрап отыр. Олардың арасында екі дүркін Олимпиада және төрт дүркін әлем чемпиоаны Илья Ильин, кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкин, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен, ауыр атлетикадан 2014 жылғы әлем чемпионы Жасұлан Қыдырбаев, бокстан әлем чемпионы Назым Қызайбай, жеңіл атлетикадан Азия ойындарының жеңімпазы Ольга Сафронова және Лондон Олимпиадасының чемпионы Зүльфия Чиншанло бар. Тізімге енген өзге спортшылар да осал емес. Мәселен, Данияр Елеусінов, Дмитрий Баландин, Зарина Дияс, Владимир Седов, Жазира Жаппарқұл, Айбек Нұғыманов, Алексей Луценко және Мұхит Тұрсынов сынды спортшылар талай додада ел намысын биік деңгейге көтеріп жүрген саңлақтар. Бұлардың әрқайсысы жеке-жеке құрмет көрсетуге лайық спортшылар. Алайда, қаңтар айының 15-не дейін жалғасқан дауыс беру қорытындысы бойынша, кәсіпқой бокстан WBA, WBC, IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы (72 келіге дейін) әлем чемпионы Геннадий Головкин «2014 жылдың үздік спортшысы» атанды. Оған сауалнамаға қатысқан жанкүйерлердің 44,93 пайызы дауыс берген. Ал әлемге белгілі мәнерлеп сырғанаушы, динамолық спортшы Денис Тен дауыс берушілердің 32,14 пайызын иеленіп, рейтинг бойынша екінші орынға жайғасты. Тағы бір динамолық зілтемірші, әлемде жеңіліп көрмеген спортшылардың тізіміне енген Илья Ильин үшінші орын иеленді. Оған 8,95 пайыз дауыс берілген. Спортшыларды жеңістерімен құттықтаймыз!

Әрине, өткен жыл динамолық спортшылар үшін табысқа толы жыл болды. Көптеген жарыстарда биік белестен көрінген олар, «Динамо» спорт қоғамының ғана емес, еліміздің мерейін асырып, қазақ халқын даңққа бөледі. Биылғы жылы да спорттың биік шыңын бағындырып, жеңістің төрінен көрініңіздер дейміз. Сонымен қатар, биыл «Дианмо» ДШСҚ-ның 90 жылдық мерейтойы аталып өтеді. Осы 90 жыл ішінде «Динамо» спорт қоғамынан талай саңлақтар түлеп ұшты. Олар отандық спорттың дамуына өлшеусіз үлес қосты. Соның арқасында Қазақ елі соңғы 2014 жылғы Лондон Олипиадасында 12-ші орын иеленді. Енді келер жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасынан да зор үміт күтеміз!

 


  • 0


#31576458 Физкультурно-спортивное общество "Динамо"

Опубликовал: ОО ФСО «Динамо» 03.02.2015, 10:50:13

Жас динамошылардың жеңісі

IMG-20150122-WA0000-300x241.jpg

 

Қаңтар айының 6-сы күні М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының акт залында Алматы футбол федерациясының 20 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Сонымен қатар мерекелік шара барысында Алматы қаласы бойынша балалар мен жасөспірімдер арасындағы чемпионаттың жеңімпаздары марапатталды.

Алматы футбол федерациясы балалар мен жасөспірімдер арасында футболды кеңінен насихаттап, оны дамыту жолында ерен еңбек сіңіруде. Сондықтан 2011 жылдан бері балалар мен жасөспірімдер клубтарының арасында қалалық чемпионат ұйымдастырып келеді. Онда балалар жас ерекшеліктеріне орай жеті топқа бөлінген.

Бұл чемпионатқа 1999 жылы дүниеге келген жас өрендер арасында «Динамо» футбол клубы да қатысқан болатын. Айдос Кашкеев жаттықтыратын жас аяқ доп шеберлері осы топта өнер көрсеткен сегіз команданың ішінде жақсы нәтиже көрсетіп, үшінші орын иеленді. Барлығы 14 ойын өткізген динамолықтар 10 ойында жеңіске жетсе, 3 ойында жеңілістің ащы дәмін татты, 1 ойында тең түсті. Жалпы есепте 31 ұпай жинады. Республикалық спорт колледжінің командасы бірінші, ЦСКА ойыншылары екінші орын алды. Жас динамошылардың бұл жеңісі, біз үшін үлкен қуаныш. Себебі, бұл бәсекеде динамолық өрендер азулы деген «Қайрат» командасынан басып түсіп, жүлдеге ілікті.

IMG_0601-300x199.jpg

Чемпионаттың марапаттау рәсімінен кейін газетімізге арнайы сұхбат берген «Динамо» клубының аға бапкері Айдос Кашкеев, шәкірттері көрсеткен нәтижеге көңілі толатындығын жеткізді.

– Айдос мырза, жалпы чемпионат қандай деңгейде өтті деп ойлайсыз?
– Менің ойымша балалар мен жасөспірімдер арасындағы қалалық чемпионаты өте жоғары деңгейде ұймдастырылды. Әсіресе, Алматы футбол федерациясына алғысымыз шексіз. Осы жолы біздің футболшылар ең мықты саналатын «Қайрат» командасынан басым түсті. Ал Республикалық спорт колледжінің бірінші орын алуы тегіннен-тегін емес. Оны белгілі бапкер Василий Маруняк жаттықтырады. Мүмкіндігі зор базалық команда болып саналады. Енді екінші орын иеленген ЦСКА командасына тоқталсақ, біз оларға тек бір ұпай ғана есе жібердік. Олар 32 ұпай еншілесе, біздің динамолық ойыншылар 31 ұпай жинады. Жалпы алғанда шәкірттерімнің ойын өрнегіне ризамын. Біздің осындай жетістікке жетуімізге «Динамо» ДШСҚ төрағасының бірінші орынбасары Асқар Омарқұлов көп септігін тигізді. Жаттығу жасауымызға мүмкіндік туғызып, әрқашан қолдау білдіріп отырды.

– «Динамо» футбол командасында қанша ойыншы бар және болашағынан үміт күттіретін жастарды айта аласыз ба?
– Біздің қатарымызда 23 ойыншы бар. Әрине, әрқайсысының шамасы, дайындығы әрқалай ғой. Бірақ 2014 жылғы қалалық чемпионат барысында олардың әрқайсысы өзін көрсетуге мүмкіндік алды. Ерекше кімдерді атап өтесің деген сұраққа келсек, ешкімді бөліп-жарып айтқым келмейді. Дегенмен, Сұлтанали Аманбай, Влад Миченков және Санжар Ақтаев сынды жас футболшылардың аяқ алысы жақсы. Өзге ойыншылар да жақсы еңбектеніп жүр. Сонымен қатар, жеке себептерге байланысты қатардан шығап жатқан спортшылар бар. Олардың орнына кейбір жас ойыншыларды қабылдап жатырмыз.

IMG_0579-300x199.jpg

– Қазір қай жерде жаттығу өткізіп жүрсіздер?
– Қыс мезгілі болғаннан кейін далада жаттығу өткізу қиындау болады. Сондықтан балалар қазір жабық алаңда дайындалып жүр. Аптасына үш рет жаттығу өткіземіз. Осы ретте тағы да айтып өтерім – «Динамо» спорт қоғамының басшылығына алғысымыз шексіз.


  • 0


Размещение рекламы на сайте     Предложения о сотрудничестве     Служба поддержки пользователей

© 2011-2022 vse.kz. При любом использовании материалов Форума ссылка на vse.kz обязательна.