Перейти к содержимому

Фотография

Физкультурно-спортивное общество "Динамо"Новости, секции, мероприятия

динамо физкультурное общество динамо секции динамо фсо динамо общество динамо

  • Авторизуйтесь для ответа в теме
Сообщений в теме: 178

#1
ОО ФСО «Динамо»

ОО ФСО «Динамо»

    Официальный представитель ОО ФСО «Динамо»

  • Завсегдатай
  • 174 сообщений

Сегодня с именем «Динамо» ассоциируется не только славное прошлое, но и перспективное большое будущее
«ДИНАМО» — масштабная общественная спортивная организация

Наша деятельность ориентирована на решение государственно-значимых задач в области развития физкультуры и спорта во имя укрепления здоровья нации.

image-02-12-14-16-06-212x300.jpeg

 

 

Спортивная работа Общества «Динамо»

  • Физическая подготовка  сотрудников
  • Спорт высших достижении
  • Детско-юношеский спорт
  • Массовый спорт
  • Профессиональные игровые клубы

Общество «Динамо» культивирует 28 видов спорта, в настоящее время занимающихся по олимпийским видам спорта около 4400 человек.


  • 0

#2
Моби Дик

Моби Дик
  • Свой человек
  • 971 сообщений

Сделайте вход на стадион "Динамо" бесплатным и люди вам скажут спасибо без всякого пафоса 

ориентирована на решение государственно-значимых задач в области развития физкультуры и спорта во имя укрепления здоровья нации.

 


  • 4

#3
Winston

Winston
  • Свой человек
  • 621 сообщений
Добрый день!
А можно поконкретней?
Адреса, контакты, секции.
  • 0

#4
ОО ФСО «Динамо»

ОО ФСО «Динамо»

    Официальный представитель ОО ФСО «Динамо»

  • Завсегдатай
  • 174 сообщений

По адресам, конактам секциям немного позже выложим информацию


  • 0

#5
ОО ФСО «Динамо»

ОО ФСО «Динамо»

    Официальный представитель ОО ФСО «Динамо»

  • Завсегдатай
  • 174 сообщений
Жас динамошылардың жеңісі

IMG-20150122-WA0000-300x241.jpg

 

Қаңтар айының 6-сы күні М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының акт залында Алматы футбол федерациясының 20 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Сонымен қатар мерекелік шара барысында Алматы қаласы бойынша балалар мен жасөспірімдер арасындағы чемпионаттың жеңімпаздары марапатталды.

Алматы футбол федерациясы балалар мен жасөспірімдер арасында футболды кеңінен насихаттап, оны дамыту жолында ерен еңбек сіңіруде. Сондықтан 2011 жылдан бері балалар мен жасөспірімдер клубтарының арасында қалалық чемпионат ұйымдастырып келеді. Онда балалар жас ерекшеліктеріне орай жеті топқа бөлінген.

Бұл чемпионатқа 1999 жылы дүниеге келген жас өрендер арасында «Динамо» футбол клубы да қатысқан болатын. Айдос Кашкеев жаттықтыратын жас аяқ доп шеберлері осы топта өнер көрсеткен сегіз команданың ішінде жақсы нәтиже көрсетіп, үшінші орын иеленді. Барлығы 14 ойын өткізген динамолықтар 10 ойында жеңіске жетсе, 3 ойында жеңілістің ащы дәмін татты, 1 ойында тең түсті. Жалпы есепте 31 ұпай жинады. Республикалық спорт колледжінің командасы бірінші, ЦСКА ойыншылары екінші орын алды. Жас динамошылардың бұл жеңісі, біз үшін үлкен қуаныш. Себебі, бұл бәсекеде динамолық өрендер азулы деген «Қайрат» командасынан басып түсіп, жүлдеге ілікті.

IMG_0601-300x199.jpg

Чемпионаттың марапаттау рәсімінен кейін газетімізге арнайы сұхбат берген «Динамо» клубының аға бапкері Айдос Кашкеев, шәкірттері көрсеткен нәтижеге көңілі толатындығын жеткізді.

– Айдос мырза, жалпы чемпионат қандай деңгейде өтті деп ойлайсыз?
– Менің ойымша балалар мен жасөспірімдер арасындағы қалалық чемпионаты өте жоғары деңгейде ұймдастырылды. Әсіресе, Алматы футбол федерациясына алғысымыз шексіз. Осы жолы біздің футболшылар ең мықты саналатын «Қайрат» командасынан басым түсті. Ал Республикалық спорт колледжінің бірінші орын алуы тегіннен-тегін емес. Оны белгілі бапкер Василий Маруняк жаттықтырады. Мүмкіндігі зор базалық команда болып саналады. Енді екінші орын иеленген ЦСКА командасына тоқталсақ, біз оларға тек бір ұпай ғана есе жібердік. Олар 32 ұпай еншілесе, біздің динамолық ойыншылар 31 ұпай жинады. Жалпы алғанда шәкірттерімнің ойын өрнегіне ризамын. Біздің осындай жетістікке жетуімізге «Динамо» ДШСҚ төрағасының бірінші орынбасары Асқар Омарқұлов көп септігін тигізді. Жаттығу жасауымызға мүмкіндік туғызып, әрқашан қолдау білдіріп отырды.

– «Динамо» футбол командасында қанша ойыншы бар және болашағынан үміт күттіретін жастарды айта аласыз ба?
– Біздің қатарымызда 23 ойыншы бар. Әрине, әрқайсысының шамасы, дайындығы әрқалай ғой. Бірақ 2014 жылғы қалалық чемпионат барысында олардың әрқайсысы өзін көрсетуге мүмкіндік алды. Ерекше кімдерді атап өтесің деген сұраққа келсек, ешкімді бөліп-жарып айтқым келмейді. Дегенмен, Сұлтанали Аманбай, Влад Миченков және Санжар Ақтаев сынды жас футболшылардың аяқ алысы жақсы. Өзге ойыншылар да жақсы еңбектеніп жүр. Сонымен қатар, жеке себептерге байланысты қатардан шығап жатқан спортшылар бар. Олардың орнына кейбір жас ойыншыларды қабылдап жатырмыз.

IMG_0579-300x199.jpg

– Қазір қай жерде жаттығу өткізіп жүрсіздер?
– Қыс мезгілі болғаннан кейін далада жаттығу өткізу қиындау болады. Сондықтан балалар қазір жабық алаңда дайындалып жүр. Аптасына үш рет жаттығу өткіземіз. Осы ретте тағы да айтып өтерім – «Динамо» спорт қоғамының басшылығына алғысымыз шексіз.


  • 0

#6
ОО ФСО «Динамо»

ОО ФСО «Динамо»

    Официальный представитель ОО ФСО «Динамо»

  • Завсегдатай
  • 174 сообщений
2014 жылдың үздік спортшысы анықталды
 

IMG_0208-300x199.jpgҚР Мәдениет және спорт министрлігі «2014 жылдың үздік спортшысын» анықтады. Министрліктің ресми сайтында жарияланған байқауға жанкүйерлер интернет арқылы дауыс берді. Ал үздіктердің қатарына 2014 жылы түрлі халықаралық жарыстар мен әлем чемпионатында топ жарған 15 спортшы таңдап алынған.

Ең қуаныштысы, министрліктің даңдауына іліккен үздіктердің денін динамолық спортшылар құрап отыр. Олардың арасында екі дүркін Олимпиада және төрт дүркін әлем чемпиоаны Илья Ильин, кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкин, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен, ауыр атлетикадан 2014 жылғы әлем чемпионы Жасұлан Қыдырбаев, бокстан әлем чемпионы Назым Қызайбай, жеңіл атлетикадан Азия ойындарының жеңімпазы Ольга Сафронова және Лондон Олимпиадасының чемпионы Зүльфия Чиншанло бар. Тізімге енген өзге спортшылар да осал емес. Мәселен, Данияр Елеусінов, Дмитрий Баландин, Зарина Дияс, Владимир Седов, Жазира Жаппарқұл, Айбек Нұғыманов, Алексей Луценко және Мұхит Тұрсынов сынды спортшылар талай додада ел намысын биік деңгейге көтеріп жүрген саңлақтар. Бұлардың әрқайсысы жеке-жеке құрмет көрсетуге лайық спортшылар. Алайда, қаңтар айының 15-не дейін жалғасқан дауыс беру қорытындысы бойынша, кәсіпқой бокстан WBA, WBC, IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы (72 келіге дейін) әлем чемпионы Геннадий Головкин «2014 жылдың үздік спортшысы» атанды. Оған сауалнамаға қатысқан жанкүйерлердің 44,93 пайызы дауыс берген. Ал әлемге белгілі мәнерлеп сырғанаушы, динамолық спортшы Денис Тен дауыс берушілердің 32,14 пайызын иеленіп, рейтинг бойынша екінші орынға жайғасты. Тағы бір динамолық зілтемірші, әлемде жеңіліп көрмеген спортшылардың тізіміне енген Илья Ильин үшінші орын иеленді. Оған 8,95 пайыз дауыс берілген. Спортшыларды жеңістерімен құттықтаймыз!

Әрине, өткен жыл динамолық спортшылар үшін табысқа толы жыл болды. Көптеген жарыстарда биік белестен көрінген олар, «Динамо» спорт қоғамының ғана емес, еліміздің мерейін асырып, қазақ халқын даңққа бөледі. Биылғы жылы да спорттың биік шыңын бағындырып, жеңістің төрінен көрініңіздер дейміз. Сонымен қатар, биыл «Дианмо» ДШСҚ-ның 90 жылдық мерейтойы аталып өтеді. Осы 90 жыл ішінде «Динамо» спорт қоғамынан талай саңлақтар түлеп ұшты. Олар отандық спорттың дамуына өлшеусіз үлес қосты. Соның арқасында Қазақ елі соңғы 2014 жылғы Лондон Олипиадасында 12-ші орын иеленді. Енді келер жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасынан да зор үміт күтеміз!

 


  • 0

#7
ОО ФСО «Динамо»

ОО ФСО «Динамо»

    Официальный представитель ОО ФСО «Динамо»

  • Завсегдатай
  • 174 сообщений
Ақ Универсиада алауы

Granada_2015_logo-1.pngСловакия мен Испанияда XXVII қысқы Универсиада ойындары аяқталды. 11 спорт түрінен 68 медаль жиынтығы сарапқа салынған додада 40-тан астам елдің спортшылары бақ сынады. Ал, қаңтардың соңғы он күндігінде басталған сайыс ақпанның 1-не дейін Словакияның Штребске-Плесо мен Осрбльеде қалаларында өтсе, кейін ақпанның 14-не дейін Испанияның Гранада қаласында жалғасын тапты. Бұл бәсекеде ел намысын қорғаған Қазақстан спортшылары командалық есепте үшіншілік тұғырына көтеріліп, тұңғыш рет жүлделі үштікті құрады.

Қысқы универсиада ойындарында топ жарған өрендеріміз 5 алтын және 6 күміс медаль еншіледі. Бір қуанарлығы, бәсекеде бағы жанған спортшылардың барлығы дерлік «Динамо» спорт қоғамының саңлақтары. Негізінде, қысқы Универсиаданың алғашқы күнінен бастап жақсы нәтиже көрсетіп, командалық есепте екінші орынға жайғасқан спортшыларымыздың Ресейден кейінгі орынды сақтап қалуға мүмкідігі бар еді. Алайда, алтын медаль санынан Оңтүстік Корея спортшыларымен тең түскенімізбен, күмісі көп кореялықтар алдымызды орап кетті. Денис Тен мен отандық шорт-трекшілердің бұл сайысқа қатыспағанын ескерсек, қазақстандық спортшылардың әлеуеті бұдан да жоғары екенін анық байқаймыз. Сонымен қатар, жерлестеріміз қысқы Универсиада тарихында алғаш рет алғашқы үштікке ілініп отыр. Себебі, біздің спортшылардың ең үздік нәтиже көрсеткен кезеңі  тек қана 2005 жылы Инсбуркте өткен қысқы Универсиада болатын. Онда спортшыларымыз 4 алтын, 1 күміс медальмен жетінші орын иеленген. Осыдан екі жыл бұрын Италияның Терентино қаласындағы додада 2 алтын, 2 күміс және 1 қола медальмен 15-ші орынға тұрақтадық. Енді міне, есемізді қайтарып отырмыз.

db198914ec4fea944099b5058c699fa6-300x224Әсіресе динамолық шаңғышы Анастасия Слонованың ерлігі талай спортшыға үлгі  боларлық іс. Ол шаңғы жарысынан спринт пен масс-стартта (15 шақырым) екі алтын, ал шаңғы жарысы (5 шақырым) мен  командалық  эстафетада (3х5 шақырым) екі күміс медаль еншіледі. Сонымен қатар динамолық өрендерден өзге де топ жарған спортшылар арасында алтыннан алқа тағынған Алина Райкова сынды биатлоншы қызымыз бар. Күміске қол жеткізгендер: Евгений Величко (шаңғы жарысы, эстафета, 3х7,5) және хоккейден ерлер құрамасы.

Елге оралған барлық жеңімпаз спортшыларға құрмет көрсетіліп, қаржылай сыйақы табыс етілді. Осы жолы бірінші орынға – 15 мың, екінші орынға – 10 мың және үшінші орынға 5 мың АҚШ доллары берілді.

Испанияның Гранада қаласындағы XXVII қысқы Универсиада ойындарының жабылу салтанатында Бүкіләлемдік студенттер спорты федерациясының президенті Клод-Луи Галльен Универсиада туын Алматы қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Аманжоловаға табыстады. Себебі, келесі 2017 жылғы қысқы Универсиада ойындары Алматы қаласында өтетіні баршамызға белгілі. Әрине, Қазақстан ТМД көлемінде қысқы Универсиаданы қабылдап отырған алғашқы мемлекеттердің бірі. Байрақты бәсеке 1973 Мәскеу қаласында жалауын көтерсе, 2013 жылы Қазан қаласында өткен болатын. Сондықтан бұл бізе үлкен жауапкершілік пен міндет жүктейтіні ақиқат.   2011 жылы қысқы Азия ойындарын ойдағыдай өткізген еліміздің мүмкіндігі жоғары. Ал, елімізге ақ Универсиаданың туын әкелген Алматы қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Аманжолова барлық спорт нысандарының 2016 жылдың басында дайын болуы керек екендігін жеткізді.

Әлбетте өз еліңде өтетін жарыстарда спортшыларға ерекше міндет жүктеледі емес пе?.. Себебі, биылғы сында үшінші орыннан көрінген спортшылар екі жылдан кейін Алатау бөктерінде басталатын сында бұдан да жоғары биікке талпынуы тиіс. Осыны түсінген Қазақстан студенттер спорты федерациясының президенті Қайрат Закирянов: «Өз жеріміздегі Универсиадаға дайындық жақсы жүргізілуде. Гранадада біз 11 спорт түрінің 7-нен ғана бақ сынадық. Кейін қалған спорт түрлерінен дайындықты пысықтау үшін әлі екі жыл уақытымыз бар. Бұл керлинг, шорт-трек, тау шаңғысы және фристайлдың жекелеген түрлері», — деп, келер күннен үміт көп екенін айтты.

XXVII қысқы Универсиада ойындарында топ жарған динамолық спортшылар:

Алтын медаль

8f9a42db3a4e2eb8ba369139467fce1b-300x2001. Анастасия Слонова – шаңғы жарысы, спринт
2. Анастасия Слонова – шаңғы жарысы, масс-старт (аламан), 15 шақырым
3. Юлия Галышева – фристайл, могул (әйелдер)
4. Павел Колмаков – фристайл, могул (ерлер)

Күміс медаль
1. Анастасия Слонова – шаңғы жарысы, 5 шақырым
2. Қазақстан (Виктория Ланчакова, Анастасия Слонова, Анна Стоян) – шаңғы жарысы, әйелдер арасындағы эстафета, 3х5 шақырым
3. Қазақстан (Максим Браун, Анна Кистанова, Василий Подкорытов, Галина Вишневская) – биатлон, аралас эстафета, 2х6+2х7,5 шақырым
4. Қазақстан (Евгений Бондаренко, Александр Малышев, Марк Старостин, – шаңғы жарысы, ерлер арасындағы эстафета, 3х7,5 шақырым
5. Дмитрий Рейхерд – фристайл, могул (ерлер)

 


  • 0

#8
ОО ФСО «Динамо»

ОО ФСО «Динамо»

    Официальный представитель ОО ФСО «Динамо»

  • Завсегдатай
  • 174 сообщений
Ермахан Ибраимов: «Динамо» десе ішкен асымды жерге қоямын

d966c7e089d7b8c7ff8e8d8035b078c511-300x2Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимовтың есімі барша қазаққа таныс. Боксшының ғасыр алмасар тұстағы Сидней Олимпиадасында алтыннан алқа тағынған сәті әлі күнге дейін жадымызда. Ал біз кезінде шаршы алаңда жасындай жарқырап, талай сында қазақтың көк туын биікте желбіреткен былғары қолғап шебері «Динамо» спорт қоғамынан түлеп ұшқанын әр кез мақтанышпен айтамыз. Ермахан Ибраимов ешқашан бокстан қол үзген емес. Қазіргі таңда «Бокстан Олимпиадалық даярлау орталығын» басқаратын саңлақ қазақ боксын өрге сүйреп, оның отымен кіріп, күлімен шығып жүр. Біз «Динамо» ДШСҚ-ның 90 жылдық мерейтойы қарсаңында атақты боксшыға сәлем бере барып, аз-кем ой бөліскен болатынбыз.

- Ермахан аға, сіз басқарып отырған «Бокстан Олимпиадалық даярлау орталығының» қазіргі жай-күйі қандай?  Осы орталықтың жастарды шыңдап, қазақ боксын дамыту жолындағы маңызы қаншалықты?

- Жалпы еліміздегі Олимпиадалық даярлау орталықтары 2007 жылы  Премьер-министрдің шешімімен құрылды. Сол кезде «Бокстан олимпиадалық даярлау орталығы», «Күрес түрлері  бойынша олимпиадалық даярлау орталығы», «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» және «Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы» ашылған болатын. Өздеріңіз білетіндей, бұл спорт түрлері елімізде жақсы дамыған. Талай әлем біріншілігі мен Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар осы спорт түрлерінен жүлдесіз оралған емес. Көптеген биік шыңдарды бағындырды. Біздің басты мақсатымыз – ұлттық команда үшін резервтегі спортшыларды дайындау. Жас боксшылардың біліктілігі мен шеберлігін шыңдап, оларды ұлттық құрамаға өткізу. Осы бағытта біздің орталық жақсы жұмыс жасап, өнімді еңбек етіп жатыр деп айта аламын. Бокс әліппесін енді қолына алған өрендеріміз де үмітімізді ақтап, тамаша өнер көрсетіп келеді. Неге десеңіз, бокстан 2013, 2014 жылғы жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия мен әлем чемпионаттарында біздің өрендер ерен ерлік көрсетті. Тіпті біз 2014 жылы Болгарияда жастар арасында өткен әлем чемпионатында командалық есеп бойынша бірінші орын иелендік. Қанжығамызға 2 алтын және 2 күміс медаль салдық. Азулы қарсылас саналатын Куба боксшыларының өзі екінші орынға тұрақтаса, АҚШ құрамасы үшінші орынға жайғасты. Әрине, әлемнің сандаған мықты командаларынан оза шауып, бірінші орын иелену оңай дүние емес. Олардың барлығы оңай шағылатын жаңғақ деуге келмейді. Ең қиыны – сол биік деңгейді ұстап тұру. Қазіргі таңда елімізде спортқа жақсы көңіл бөлінген. Қандай қиын кезең болса да, мемлекет тарапынан қолдау көріп келеміз. Сондықтан боксшыларымыз күндіз-түні жатпай-тұрмай еңбектеніп, шеберлігін шыңдай түссе, әрқашан биік белестен көрінеміз деп ойлаймын.

- Ермахан аға, шәкірттеріңіздің ішінен қазақ боксының ертеңгі жарық жұлдызы деп кімдерді ерекше атай аласыз?

IMG_0284-300x199.jpg- Әрине, мынау мықты, анау осал деп бөле жарып айту қиын. Алайда, солардың ішіндегі бірегейі Абылайхан Жүсіповті тілге тиек етпеу мүмкін емес. 60 келі салмақ дәрежесінде атой салып жүрген ол – жастар арасындағы Олимпиада және әлем чемпионы. Ересектер арасында да жұдырықтасып, өзінің қалыптасқан боксшы екенін көрсетіп жүр.  Бірақ ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанаов аттың басын тартып отыр. Себебі, болашағы зор боксшыны бүгіннен бастап ересектер арасына салып жіберсек, күні ертең оның беті қайтып қалмай ма деген ойымыз бар. Мұны орынды байлам деп есептеймін. Абылайханның жұлдызы жанатын шақ әлі алда.

- Қазақ боксы қашанда қарқынынан жаңылған емес. Әсіресе, әр буынның ізін өкшелей жастар келіп жатыр. Бокс мектебі үзіліп қалған күн жоқ. Эстафета жалғасын тауып отыр. Осының сыры неде деп ойлайсыз?

- Қазақ халқы ежелден жауынгер халық. Өр рухты бабаларымыз осынау ұлан байтақ жерді білектің күшімен, найзаның ұшымен сақтап қалды. Олардың бойындағы батырлық, қайсарлық пен өжеттік біздің қанымызға сіңген қасиет. Бокс та шаршы алаңдағы жекпе-жек. Нағыз майдан дерсің. Егер біздің спортшылар жеңіс тұғырынан көрініп жатса, бабаларымыздан дарыған күш деп ұғынуымыз қажет. Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау да спортшыларымызға қуат береді. Сонымен қатар, алғаш тәуелсіздік алып, «балапан басына, тұрымтай тұсына» кеткен уақытта «Динамо» спорт қоғамы спортшыларға сүйеу бола білді. «Динамоның» базаларында дайындалған спортшылар  талай жарыстарда топ жарды.

- «Динамо» спорт қоғамы жайында айтып қалдыңыз… Айтып өтіңізші, осы ұйымның қазақ спортшылары үшін маңызы қаншалықты?

- Өте орынды сұрақ! Тоқырау кезінде көптеген спорт қоғамдары құрдымға кеткенде, «Динамо» спорт қоғамы өзінің орнын сақтап қалды. Аталмыш ұйым елімізге көптеген Олимпиада және әлем чемпиондарын сыйлады. Сондықтан бұл ұйымның қазақстандық әрбір спортшы үшін атқаратын рөлі өте жоғары. Себебі, «Динамо» спорт қоғамына мүше спортшылардың әскери шені де өсіп отырады. Мысалы, мен бокстан кетпесем, сәл болмағанда полковник атанатын едім (күледі). Әлі күнге дейін полковник болуды армандаймын. Тағы бір қосарым, Кеңес кезінде еліміздің Қарағанды, Қостанай, Жамбыл және Маңғыстау облыстарында қалыптасқан бокс мектептері болды. Соның ішінде Алматы қаласындағы «Динамо» бокс мектебінің шоқтығы биік тұратын.

- Өзіңіз де «Динамо» спорт қоғамынан түлеп ұштыңыз. Сіздің өміріңізде бұл ұйымның алар орны қандай?

20150220_123226-225x300.jpg- Әрине, мен «Динамодан» қанат жайып шыққан азаматпын. «Динамо» десе ішкен асымды жерге қоямын. Оның өсіп-өркендегенін қалаймын, әрқашан тілеуін тілеймін. Қиын-қыстау заманда өзін сақтап қалып, өз арнасынан жаңылмай жұмыс істеу – ерлікпен тең. Міне, «Динамо»  спорт қоғамы соның үлгісін көрсетті. Қазіргі басшы, төрағаның бірінші орынбасары Асқар Омарқұловтың біліктілігі мен іскерлігінің арқасында «Динамо» спорт қоғамы өркендеп келеді. Барлық спортшыны бес саусағындай білетін Николай Князов та жақсы еңбек етуде. Сондықтан 90 жылдық мерейтойларыңыз құтты болсын!

Биылғы қой жылы жақсылықтарын алып келуде. «Динамо» ДШСҚ-на 90 жыл, Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл, Ұлы жеңіске 70 жыл  толып отыр. Той құтты болсын, сіздерге шығармашылық табыс тілеймін!

- Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан М. Мәліков


  • 0

#9
ОО ФСО «Динамо»

ОО ФСО «Динамо»

    Официальный представитель ОО ФСО «Динамо»

  • Завсегдатай
  • 174 сообщений

0 жылдыққа тарту

DSC_0594-300x199.jpgАтырау қаласында «Динамо» ДШСҚ-ның 90 жылдық мерейтойына орай облыстық Ішкі істер органдарының қызметкерлері арасында бильярдтан турнир өткізілді.

         Тартысты өткен сайыста облыстық ІІД ҰҚҚКБ-ның командасы жеңіске жетті. Екінші орынға облыстық ІІД Анықтау басқарма командасы тұрақтаса, үшінші орын үшін болған таласта облыстық ІІД ӨҚБ-ның командасына сай келетін ешкім табылмады. Сонымен қатар, тастаяқ шеберлері арасында үздік қырымен танылған полиция полковнигі Сембай Жапақов «Үздік ойыншы» деп танылды. Жарыс жеңімпаздары кубокпен, мақтау қағаздарымен марапатталды.

Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметі

DSC_0531-300x199.jpg


Сообщение отредактировал ОО ФСО «Динамо»: 05.03.2015, 15:44:37

  • 0

#10
ОО ФСО «Динамо»

ОО ФСО «Динамо»

    Официальный представитель ОО ФСО «Динамо»

  • Завсегдатай
  • 174 сообщений
Әлем чемпионаты мәресіне жетті

450_54f339348bb5a-300x180.jpgАстана қаласында конькимен жүгіруден әлем чемпионаты аяқталды. Екі күнге созылған сайыс қорытындысында динамолық спортшылар арасынан Екатерина Айдова  үздік өнер көрсете алды. Ол әйелдер арасындағы бәсекеде көп сайыс нәтижесі бойынша төртінші орын иеленді.

Ерлер арасында бақ сынаған динамолық спортшылар – Дениз Кузин мен Роман Креч те жүлделі орыннан көрінбеді. 1000 метрлік сайыста ғана 6-шы орыннан көрінген Денис Кузин, төрт сайыс қорытындысы бойынша 11-ші орынға тұрақтады. Ал, алғашқы күнгі 500 метрлік сайыста 4-ші болып келген Роман Креч, көп сайыс қорытындысы бойынша 14-ші орынға жайғасты.


  • 0

#11
ОО ФСО «Динамо»

ОО ФСО «Динамо»

    Официальный представитель ОО ФСО «Динамо»

  • Завсегдатай
  • 174 сообщений

Теперь газета "Вестник" Динамо доступна для скачивания по адресу: http://dynamo.kz/ru/...vestnik-dinamo/ бесплатно


  • 0

#12
ОО ФСО «Динамо»

ОО ФСО «Динамо»

    Официальный представитель ОО ФСО «Динамо»

  • Завсегдатай
  • 174 сообщений

Конкурс « Динамовский характер» к 90-летию физкультурно-спортивного общества «Динамо» Республики Казахстан

В  октябре 2015 года старейшая спортивная организация  Казахстана – ФСО «Динамо» отметит свой славный юбилей –  90-летие со дня образования. На сегодняшний день  «Динамо» — это единственное в Республике Казахстан общественное объединение, развивающее в стране массовую физическую культуру и спорт, военные служебно-прикладные виды спорта и занимающееся подготовкой спортсменов по олимпийским, массовым и специальным видам спорта.

  • В начале двадцатых годов на территории Казахстана начали создавать первые динамовские ячейки в Петропавловске, Чимкенте, Семипалатинске, Акмолинске, Кзыл-Орде, Уральске и Усть-Каменогорске. В конце 1925 года в Семипалатинске был организован первый областной совет, объединивший три динамовские  ячейки – Семипалатинскую, Усть-каменогорскую и Павлодарскую. С этого времени и ведет отсчет своего пути физкультурно — спортивное общество «Динамо» Казахстана.
  • В далекие годы  «Динамо» вовлекало граждан многонационального  республики в занятия физкультурой и спортом, создавало условия, помогало в организации соревнований, массовой работе и повышало  мастерство спортсменов-динамовцев.
  • ФСО «Динамо»  открыло на территории   нашей  республике  первые стадионы, тиры и спортивные площадки.
  • В годы перестройки  из десятка спортивных  ведомственных объединений выстояло лишь «Динамо».
  • ФСО «Динамо» за годы своей работы  вырастило 74 олимпийца, сотни чемпионов мира, прославивших Казахстан на мировой спортивной арене.

В преддверии  90-летия ФСО «Динамо» РК Центральный Совет  общества  объявляет конкурс «Динамовский характер»  среди журналистов и СМИ  республики на лучшие публикации, фото и видеоматериалы о динамовском движении в стране, о знаменитых спортсменах  общества «Динамо».

  1. Конкурс проводится с 1 января по 1 мая  2015 года.
  2. В конкурсе могут принять участие  коллективы и сотрудники редакций, а также внештатные  сотрудники.
  3. Для участия в конкурсе присылаются публикации, видео- и радиоматериалы  любого жанра.
  4. На фотоконкурс принимаются  опубликованные  и неопубликованные в  СМИ фотографии размером не менее 12х28 см с указанием автора и пояснительным текстом.
  5.  Премиальный фонд конкурса «Динамовский  характер»:

Первая группа – коллективы редакций газет, радио-, телеканалов, пресс-служб:
 1 место -  90 000 тенге
 2 место-   70 000 тенге
3 место -  50 000 тенге
Вторая группа –  авторы материалов:
 1 место -  70 000 тенге
 2 место-   50 000 тенге
3 место -  30 000 тенге
 Третья группа – фотокорреспонденты и фотолюбители:
 1 место -  70 000 тенге
 2 место-   50 000 тенге
3 место -  30 000 тенге

На рассмотрение  конкурсной комиссии принимаются  следующие  работы:

  •   видеоматериалы – на магнитных и цифровых носителях с указанием даты трансляции, заверенные редакциями СМИ;
  •   радиоматериалы – на кассетах или дисках ( продолжительность – не менее 5 мин.)  с указанием  расшифровки, даты выхода в эфир, заверенные редакциями СМИ;
  •  печатные материалы – в оригинале издания, с указанием даты выхода и заверенные редакциями СМИ.

Все высылаемые материалы на конкурс обязательно сопровождаются заявлением участника в произвольной форме с  указанием:  номинации,  ФИО автора, места работы, должности, адреса, контактного телефона и  реквизитов  удостоверения личности.

 Работы принимаются с 1 января по 1 мая по  адресу:  РК, 050012,  Алматы, ул. Наурызбай батыра, 93-95/79-81, ЦС ФСО «Динамо».

 Контактные тел. конкурсной комиссии: 8 (727)  267-46-92, 272- 64-46,
е-mail: dinamo_habar@mail.ru


Сообщение отредактировал ОО ФСО «Динамо»: 10.03.2015, 17:12:00

  • 0

#13
ОО ФСО «Динамо»

ОО ФСО «Динамо»

    Официальный представитель ОО ФСО «Динамо»

  • Завсегдатай
  • 174 сообщений
Из Польши – с победой
10.03.2015

%D0%95%D0%BB%D1%8C%D0%B4%D0%BE%D1%81-%D0 На международных соревнованиях серии European Open в Польше казахстанский дзюдоист – динамовец Елдос Жумаханов в весе до 66 кг завоевал серебряную медаль.

Еще один наш спортсмен Гумар Кыргызбаев в весовой категории до 60 кг поднялся  на третью ступеньку пьедестала почета. Среди женщин бронзовую награду в весе до 78 кг добыла динамовка Альбина Амангельдиева.

Тремя седьмыми местами отметились еще две наши дзюдоистки – Александра Подрядова (до 48 кг) и Гульжан Исанова (свыше 78 кг), а также Гусман Кыргызбаев (до 60 кг).

В общекомандном зачете казахстанские дзюдоисты заняли 7-е место, а женская сборная РК – тринадцатое.


  • 0

#14
ОО ФСО «Динамо»

ОО ФСО «Динамо»

    Официальный представитель ОО ФСО «Динамо»

  • Завсегдатай
  • 174 сообщений
Серебряный эдельвейс — 2015
10.03.2015

103623-300x243.jpegПолный комплект

В прошедшем недавно на склонах «Шымбулака» международном турнире по горнолыжному спорту «Серебряный эдельвейс — 2015» казахстанские спортсмены по числу завоеванных медалей вырвались на второе место, чуть уступив Украине. 10 медалей — две золотые, три серебряные и пять б – таков “улов” сборной Казахстана по горнолыжному спорту. Больше всех наград завоевал лидер казахстанской сборной – динамовский горнолыжник Игорь Закурдаев. У него полный комплект.

В этом  турнире, проходящем семь лет подряд под эгидой Международной федерации лыжного спорта,  участвовали  60 спортсменов из Армении, Грузии, Кыргызстана, Украины, Узбекистана, Франции и Казахстана. Нашу страну представляли 26 спортсменов.  Мужчины и женщины соревновались в четырех альпийских дисциплинах –   слаломе, слаломе-гиганте, супергиганте и суперкомбинации.

Игорь Закурдаев, недавно вернувшийся с хорошим рейтингом с чемпионата мира,  завоевал на домашнем турнире сразу  три награды:  золотую медаль в суперкомбинации, серебряную – в супергиганте и бронзовую – в слаломе. Еще две награды в копилку нашей сборной – «золото» в супергиганте и «бронзу» в альпийской комбинации – принес казахстанский спортсмен Тарас Пименов. Еще пять медалей разного достоинства завоевали отечественные горнолыжницы Мария Григорова, Екатерина Карпова и Екатерина Черепанова.
Все победители и призеры соревнований кроме наград  заработали очки для участия в мировых чемпионатах и поборолись за рост своего рейтинга.


  • 0

#15
ОО ФСО «Динамо»

ОО ФСО «Динамо»

    Официальный представитель ОО ФСО «Динамо»

  • Завсегдатай
  • 174 сообщений
Долгожданная медаль
10.03.2015

%D0%90%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%81%D0%B5%D0%Наконец-то свершилось! Наш сильнейший лыжник —  динамовец Алексей Полторанин  на этапе Кубка мира в Лахти (Финляндия) завоевал «серебро»! Это первая  награда Алексея в этом сезоне.

 В 15-километровой гонке классическим стилем наш лыжник  лишь три секунды уступил на финише Франческо Де Фабиани и завоевал серебряную медаль.  Эта награда стала реваншем за не слишком удачное выступление Алексея на недавнем чемпионате мира в шведском Фалуне.  Там он из-за непогоды стал седьмым в марафоне на 50 км.

Финское «серебро» Алексея очень подняло настроение  казахстанской сборной и всем казахстанцам. Теперь  перед нашим сильнейшим лыжником стоит задача:  бороться за призовое место в общем зачете Кубка мира.


  • 0

#16
ОО ФСО «Динамо»

ОО ФСО «Динамо»

    Официальный представитель ОО ФСО «Динамо»

  • Завсегдатай
  • 174 сообщений

Предлагаем вам новый номер газеты "Вестник" Динамо за февраль (скачивать и читать можно бесплатно)

http://dynamo.kz/ru/...vestnik-dinamo/


  • 0

#17
ОО ФСО «Динамо»

ОО ФСО «Динамо»

    Официальный представитель ОО ФСО «Динамо»

  • Завсегдатай
  • 174 сообщений
Чемпионат мира по конькобежному спорту
10.03.2015

%D0%95%D0%BA%D0%B0%D1%82%D0%B5%D1%80%D0%Все решили доли секунд

В Астане в ледовом дворце «Алау» завершилось спринтерское многоборье сильнейших конькобежцев планеты. В Казахстане. Такой мировой форум по конькобежному спорту  прошел  впервые.  И хотя наши динамовские спринтеры – костяк национальной сборной РК — не завоевали медали, они все-таки показали боевой настрой, оптимизм и наработанное мастерство.

cKc6BU6jLf0-300x219.jpgСильнейшая  спортсменка нашей страны Екатерина Айдова была в шаге от медали. Динамовская конькобежка показала лучший среди отечественных спортсменок результат за всю историю выступлений на спринтерских чемпионатах мира. Три из четырех дистанций Айдова закончила на четвертой строчке.  Но в первый день соревнований подвела дистанция на 500 м –там  она стала девятой.

А по  итогам двух соревновательных дней Екатерина набрала в сумме многоборья 153.023 очков и  отстала  от лидера всего на 3.43 очка.  За четвертое место, конечно,  не дают наград, но Екатерина показала,  что у нее есть большой потенциал для будущих побед.

main19946226_eec33a7656bd27372a13fd39290Большая надежда  была на Романа Креча. В прошлом году на зимней Олимпиаде в Сочи  в своем коронном забеге на 500 метровке наш ведущий  казахстанский спринтер опередил всех конкькобежцев из стран СНГ и стал седьмым.  На   чемпионате мира в Астане  Роман не дотянул до пьедестала один шаг.   Результат  его выступления  — четвертая строчка на дистанции 500 метров и равнинный рекорд Казахстана, а также самый быстрый разгон среди сильнейших бегунов планеты. Будем надеяться, что Роман все-таки возьмет свою высоту.

%D0%90%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D0%B0%D0%BD%D0%Очень не повезло на домашнем чемпионате мира нашим  спринтерам — мужчинам  Александру Жигину и  Денису Кузину.  Во второй день соревнований Александр обгонял соперника, на повороте китайский конькобежец  упал нашему спринтеру под ноги и ударил по время падения Александра коньком. Александр уже не мог избежать столкновения, стукнулся о борт и поранился. Китайский спортсмен получил дисквалификацию, а  Александр имел возможность стартовать еще раз. Но из-за травмы он не смог продолжить соревнования .Рентген показал, что кость не повреждена и сухожилия не задеты. Швы наложены, однако сложно сказать, сможет ли костанаец принять участие в заключительном старте сезона. В конце марта в «Алау» пройдет чемпионат Казахстана в многоборье, а также %D0%94%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D1%81-%D0%9A%D1традиционный «AlauIceMarathon», в котором Александр Жигин планировал побороться за призовой фонд. Сейчас Александр  проходит дома в Костонае курс восстановления после полученной травмы.

И  еще  один динамовский спринтер Денис Кузин, стремясь наверстать отставание от лидеров на заключительной дистанции, неудачно ковырнул лед за шаг до финиша. Однако, сумел устоять на ногах и завершить дистанцию.

%D0%91%D0%BE%D0%BB%D0%B5%D0%B5%D0%BC-%D0По результатам итоговой классификации  у Дениса — 141,070 очков и 11-ое  место, Александра – только 30-ое  из-за травмы.

Соревнования мирового уровня в ледовом дворце «Алау»  собрали 3500 зрителей. Наших спортсменов очень поддерживали. Среди зрителей было немало юных любителей этого самого быстрого вида спорта, в котором все решают доли секунды. Возможно, эти ребята, воодушевленные чемпионатом самых быстрых спринтеров мира, и пополнят секции конькобежного спорта.

Ss92dukAp30-300x174.jpg

Пресс-служба ЦС ФСО «Динамо»


  • 0

#18
- 합기 -

- 합기 -

    Завсегдатай

  • Модератор
  • 7 863 сообщений

По адресам, конактам секциям немного позже выложим информацию

 

Ответ будет?


  • 0

#19
Каррамба

Каррамба
  • Завсегдатай
  • 205 сообщений

Ну и где информация по секциям, их стоимости?

Почему вход платный?

Или вы только то что вам удобно тут размещать собираетесь?


  • 0

#20
ОО ФСО «Динамо»

ОО ФСО «Динамо»

    Официальный представитель ОО ФСО «Динамо»

  • Завсегдатай
  • 174 сообщений

Спасибо за ваши вопросы.

Информацию по секциям Вы сможете посмотреть на нашем сайте в разделе секции http://dynamo.kz/ru/sekcii/, Вы можете уточнить о работе секции через приемную, есть также контакты тренеров.

На второй вопрос ответ дадим в ближайшее время.

Спасибо.


  • 0



Темы с аналогичным тегами динамо, физкультурное общество динамо, секции динамо, фсо динамо, общество динамо

Количество пользователей, читающих эту тему: 0

пользователей: 0, неизвестных прохожих: 0, скрытых пользователей: 0

Размещение рекламы на сайте     Предложения о сотрудничестве     Служба поддержки пользователей

© 2011-2022 vse.kz. При любом использовании материалов Форума ссылка на vse.kz обязательна.