Перейти к содержимому

Фотография

Қазақша тақпақтар балаларға арналғанКазахские стихи для детей

* * * * * 6 Голосов тақпақ өлен балабақша

  • Авторизуйтесь для ответа в теме
Сообщений в теме: 299

#121
Felisa

Felisa
  • Завсегдатай
  • 140 сообщений

Ана тілім – ар тілім,


Жанардағы жарқыным.


Жүрегімде сақтаған,


Ән жыры боп халқымның.


  • 0

#122
Felisa

Felisa
  • Завсегдатай
  • 140 сообщений
Қуат алған өзіңнен,
Туған елдің қызымын.
Бақытты етіп өсірген,
Отанымның гүлімін.
  • 0

#123
Felisa

Felisa
  • Завсегдатай
  • 140 сообщений

Туыспыз біз бәріміз,


Бір Отанды сүйеміз.


Бақытты елде тұрған соң,


Бақытты өмір сүреміз.


  • 0

#124
Felisa

Felisa
  • Завсегдатай
  • 140 сообщений
Жаз келді
Жаз жайдары,алақай!
Жатыр жайнап даламыз.
Жүр, қанекей, балақай,
Шомылуға барамыз.
  • 0

#125
Felisa

Felisa
  • Завсегдатай
  • 140 сообщений
***
Ауыл қонды жайлауға,
Дала жатыр жадырап.
Қой қаптады қойнауда,
Қозы, лақтар жамырап.
  • 0

#126
Felisa

Felisa
  • Завсегдатай
  • 140 сообщений
Жаз

Жазды ыстық сүйемін,
Сайраңдап жүремін.
Суына шомылам,
Күніне күйемін.
  • 0

#127
Felisa

Felisa
  • Завсегдатай
  • 140 сообщений

Жаз келіпті дегенше,


Алма пісті дегейсің.


Бағымызда ендеше


Алма теру көбейсін. :rotate:


  • 0

#128
Felisa

Felisa
  • Завсегдатай
  • 140 сообщений
тоже про лето


Сапырған сары қымызын


Барамын жасыл жайлауға.


Қызықтап көркін күн ұзын,


Асыр сап көкте ойнауға.


  • 0

#129
Felisa

Felisa
  • Завсегдатай
  • 140 сообщений

Жаз келіпті дегенше,


Жайлау бардық дегейсің.


Жайлаудағы ендеше.


Қой-қозылар көбейсін.


  • 0

#130
Felisa

Felisa
  • Завсегдатай
  • 140 сообщений
Бұл бала
Қай бала ,
Пай – пай
Тап – таза
Ақ қаздай
Киімі мұнтаздай
Жарайсың балақай!
Дейміз біз мадақтай
Пай-пай!
  • 0

#131
Felisa

Felisa
  • Завсегдатай
  • 140 сообщений
Сандар
Бір дегенім – бірлік
Онсыз болмас – тірлік
Екі дегенімін – еңбек
Еңбек бәрін – жеңбек
Үш дегенім – үлес

Үлес үшін – күрес.
Төрт дегенім – терме
Тұрған жақсы – ерте.
Бес дегенім – белең
Сан үйреніп – келем.
  • 0

#132
Felisa

Felisa
  • Завсегдатай
  • 140 сообщений
Біз әдепті баламыз,
Жайнай берсін даламыз.
Табиғатқа қамқор боп,
Сүйіспеншілікпен қараймыз.
  • 0

#133
Felisa

Felisa
  • Завсегдатай
  • 140 сообщений

Қолымда менің ине-жіп


Өрнектеп ою тіге алам.


Өнерімді көргенде


Қуанамын мәз болам.


  • 0

#134
Felisa

Felisa
  • Завсегдатай
  • 140 сообщений
«Малдың баласын сүюі»
Қой сүйеді баласын қоңырым деп,
Ештеңені білмейтін момыным деп.
Сиыр сүйеді баласын торпағым деп
Қараңғыға баспаған қорқағым деп.
Ешкі сүйеді баласын лағым деп
Тастан-тасқа секірген шұнағым деп.
Түйе сүйеді баласын боташым деп
Жәудіреген көзіңнен тоташым деп.
Жылқы сүйеді баласын құлыным деп
Тұлпар болып жүгірер жұрыным деп.
  • 0

#135
Felisa

Felisa
  • Завсегдатай
  • 140 сообщений
Про дни недели ,,,


Бір аптада неше күн,
Бір аптада 7 күн.
Апта деген ағайында
Жеті бірдей ұлы бар.

***
  • Мен Дүйсенбі – доп ойнадым далада.
  • Мен Сейсенбі – сурет салдым сәндетіп
  • Мен Сәрсенбі – серуен құрам далада.
  • Мен Бейсенбі – би биледім муззалда
  • Мен Жұма – жидек тердім ағаштан
  • Мен Сенбі – кино көрдім клубтан
  • Мен Жексенбі – үйде жаттым демалып.

***

Ертеңгісін тұрып,
Төсегімді жинап,
Шашымды тарап,
Бақшаға келдім.
Күндіз:
Сабақ оқып, ойын ойнап,
Серуендеп қайтамын.
Тамағымды ішіп,
Түсте ұйқтап жатамын.
Бесін:
Ұйқыдан тұрып, беті-қолды жуып,
Төсекті жинап, тазалықты сақтап,
Таза ауа жұтып, кешкісін үйге қайтамын.
Түнде:
Үйге келіп, теледидар көріп,
Ойыншықтарды жинастырып,
Беті-қолды жуып, тісімді тазартып,
Ұйқтауға жатамын.

Сообщение отредактировал Felisa: 06.04.2012, 21:56:48

  • 1

#136
Felisa

Felisa
  • Завсегдатай
  • 140 сообщений
наконец-то теплые деньки!
кто знает потешки на казахском языке?
  • 0

#137
I.G.K.

I.G.K.
  • Случайный прохожий
  • 4 сообщений
Стишки моего детства:

Қошақаны қойдың,
қайда қалып қойдың.
Бұлтиып тұр бүйірің,
қай өрісте тойдың.

Томпаң, томпаң торай
дауысының зор-ай.
Дөкей бола қаласың,
толысымен он ай.

Секең, секең ей, лақ,
жүрмін саған кейіп-ақ,
демалмасаң болмай ма,
секеңдемей бір уақ.
  • 0

#138
I.G.K.

I.G.K.
  • Случайный прохожий
  • 4 сообщений
Торғай, торғай - тоқылдақ,
жерден тары шоқып ап.
Бөтегесі бұлтиып,
шиқ-щиқ етіп отырмақ.
  • 1

#139
Felisa

Felisa
  • Завсегдатай
  • 140 сообщений
Азаттық жері, Қазақтың елі,
Шаттыққа толы бүгінгі төрі.
Достықты берік, еткен бір серік,
Бейбіт күн тұрсын сәлесін төгіп.
  • 0

#140
Felisa

Felisa
  • Завсегдатай
  • 140 сообщений
Ана тілім –менің, әлдилеген әнім.
Ана тілім –демім, ана тілім –жаным.
  • 0


Количество пользователей, читающих эту тему: 3

пользователей: 0, неизвестных прохожих: 3, скрытых пользователей: 0

Размещение рекламы на сайте     Предложения о сотрудничестве     Служба поддержки пользователей

© 2011-2022 vse.kz. При любом использовании материалов Форума ссылка на vse.kz обязательна.