Перейти к содержимому





- - - - -

Министрдің онлайн-қабылдауына

Опубликовал: intelfan, 12 Декабрь 2011 · 489 Просмотров

Бүгін «электрондық үкімет» порталында мемлекеттік органның бірінші басшысының қабылдауына жазылуға мүмкіндік беретін жаңа «Онлайн-қабылдау» қызметі іске қосылды. Бұл қызмет әзірге облыс орталықтары мен Алматы қаласы тұрғындары үшін қолжетімді.

Пилоттық жобаны ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі сынап көреді. Азаматтарды қабылдау видеоконференцбайланыс арқылы жүргізіледі.

Қабылдауға жазылу үшін, қолданушы өзінің байланыс мәліметтерін көрсетіп, ұсынылған тізімнен өзіне қажетті Халыққа қызмет көрсету орталығы мен қалаған уақытын және жолдайтын сауалының тақырыбын таңдайды.

Бұдан кейін, 1 жұмыс күні ішінде сұраным беруші көрсеткен электрондық поштаға сұранымның қаралу деңгейі туралы хабарлама жіберіледі.

Белгіленген уақытта қолданушы өзі көрсеткен ХҚКО-на келуі керек. Бұл жерде ол өзі таңдаған мемлекеттік органның бірінші басшысымен видеоконференцбайланыс режимінде сөйлесе алады.

Қызметтің бұл түрін порталда тіркелген барлық қолданушылар пайдалана алады. Ол үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның қажеті жоқ. «Онлайн-қабылдау» қызметін порталдың авторизацияланған қолданушысы өзінің «Жеке кабинетінен» табады.

Пилоттық жобаның нәтижелері бойынша азаматтарды онлайн-қабылдау қызметіне барлық мемлекеттік органдар қосылатын болады және қабылдауға аудан орталықтарының тұрғындары да жазыла алады.

Прикреплённые изображения:

  • Прикрепленное изображение


  • 0


Размещение рекламы на сайте     Предложения о сотрудничестве     Служба поддержки пользователей

© 2011-2022 vse.kz. При любом использовании материалов Форума ссылка на vse.kz обязательна.