Алматыдағы ВКОшнитер ғой..ол сөзді Алматыда да кейбір адамдар қолданады, бірақ әдеби тілде сым деп, проволканы ғана айтады
Казак тiлi - Казахский языкОбщение, Советы, Помощь...
Автор BAWIR$AQ, 22.10.2003, 23:31
#2945
Отправлено 11.11.2009, 16:11:48
да уж... товарищи, может хватит уже?
и вправду, то, что кто то не слышал это слово, не означает, что его нет.
а то, что кто то так говорит, не означает, что все так говорят...
но, пришло время смириться с тем фактом, что такое слово есть, означает брюки, и хватит.

#2952
Отправлено 11.11.2009, 16:29:00
Камрады нужна помощь. Нужны граммотные свадебные тосты молодоженам на казахском языке-желательно литературным языком!
Қымбатты жас жұбайлар! Сіздерді заңды некелеріңізбен құттықтаймын!
Шын жүректен махаббаттарыңыздың мәңгіге сақтауына тілектеспін!
Бүгінгі күн - сіздердің өмірлеріңіздегі ең бір бақытты күн. "Үйлену оңай,
үй болу қиын",- дейді халқымыз. Мен сіздерге өзара түсіністік, махаббат пен татулық тілеймін.
Сіздерге тілейтінімім - бүгінгідей бақытты сәт өмір бойы бірге болсын!
Көңілде көктеп махаббат гүлі, нұр гүлі,
Естілсін үйден күміс күлкінің сыңғыры.
Өрісі кеңіп бабадан қалған әулеттің,
Тербелсін бесік, естілсін сәби былдыры.
Адами ғұмыр болары айқын бір нүкте,
Жақсылық келер ынтымақ барда, бірлікте.
Бас қосқан жастар Сіздерге үлкен тілегім,
Біріңе бірің сүйеніш болған тірлікте.
#2953
Отправлено 11.11.2009, 16:54:34
ҮЙЛЕНУ ТОЙЫ
Аманат пен Әсел, сендердің ақ отауларыңның іргесі берік, шаңырағы биік болсын, түтіні түзу шалқысын! Тең-құрбыларыңның алды болыңдар! Үй ішің жанға, қораларың малға, қалталарың ақшаға толсын! Қол ұстасып өмірдің қиыны мен қызығын бірге кешіңдер. Бақытты болыңдар! Достарың да, ұрпақтарың да көп болсын! Бүгінгі той алда болатын көптеген қызық қуаныштың басы болуға жазсын! Осы дастархан басында отырған достарыңның бәрі сол қуанышты бірге тойлай берейік!
Құрметті Самат пен Анар! Сендердің заңды некелерің құтты болсын. Сендерге Алатаудың шыңындағы ақ қардай таза пәк көңіл, сол шыңдардан сарқырай аққан кәусар бұлақтай мөлдір махаббат тілеймін. Сендерге алтын күздің ырысын, денсаулықтың қыстай мықтысын, көктемдей көл-көсір өмір, жаздай жадыраған өмір тілеймін. Қыздарың моншақты, ұлдарың оншақты болсын. Шаңырақтарыңның керегесі кең, терезесі тең, босағасы берік, еңсесі "Келісім сарайындай" биік болсын!
Жастарға тілейтінім: Зор денсаулық, ашық аспан, мөлдір махаббат! Шаңырақтарың биік болсын, керегелерің кең болсын, босағаларың берік болсын. Көңіл болса - ән де болады. Келісім болса – нан да табылады. Екі бастарың – үш болсын. Үш бастарың – төртеу болсын. Ата-аналарың сыйлап, екі жаққа бірдей қараңдар.
Ал баршаларыңызға тілейтінім:
Әр отбасына, шынайы көңілмен бақыт-береке тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Тілектеріміз періштенің құлағына шалынып, қабыл болсын!
____________________________
Взято отсюда, посмотрите там еще

#2957
Отправлено 16.11.2009, 15:55:43
Это вообще подстрочник. Ну как вариант "Денсаулықты мақсат еткен серіктестер", хотя тут контекст важен. Просто фразу переводить не очень правильно.Думаю правильней "Денсаулық атына серіктестер(или серіктес)"
Как перевести на казахский эту фразу:
Партнеры во имя здоровья - Денсаулық үшін серіктестік
"Серіктестік" это партнерство.
Количество пользователей, читающих эту тему: 1
пользователей: 0, неизвестных прохожих: 1, скрытых пользователей: 0