Перейти к содержимому





- - - - -

Ұялы телефон арқылы жол жүру ережесін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл төлеу

Опубликовал: intelfan, 20 Декабрь 2011 · 876 Просмотров

Ұялы телефон арқылы айыппұл төлеу үшін не қажет?

Ұялы телефон арқылы айыппұл төлеу үшін пайдаланушыға қажет:
Ұялы телефонына HandyPay қосымшасын жүктеу және орнату;
HandyPay жүйесінде тіркелу.

Айыппұл төлемдерін қалай жүргізеді?
Айыппұлды төлеу үшін пайдаланушы мобилді қосымшаны жіберіп, HandyPay қосылған кезде орнатылған дербес паролін енгізу керек.
Одан әрі:
1) «Төлемдер» бөлігіне өтіп => «Бюджетке төлемдер»;
2) Ереже бұзушылық параметрлерін таңдап алу:
2.1) => «Жүргізуші куәлігі бойынша ЖПБ айыппұлы » => «серия және ЖК № » деген жолға жүргізуші куәлігі нөмірін енгізу => «деректерді сұрату» түймесін басу => ереже бұзушылықты алу үшін алынған ереже бұзушылық тізімінен ерже бұзушылықты таңдау => төлем үшін сауал сұрату үшін «төлеу» түймесін басу;
2.2.) => «Хаттама бойынша ЖПБ айыппұлы»=> енгізу үлгісіне ереже бұзушылық реквизиттер дерегін енгізу (баспабет сериясы, баспабет нөмірі, тұрпат, күні)=> аталмыш ереже бұзушылықты алу үшін «деректерді сұрату» түймесін басу => төлемді сұрату үшін «төлеу» түймесін басу;
3) «дәлелдеу коды» деген жолға дәлелдеу кодын енгізу, сосын «одан әрі» түймесін басу.
Банкпен хабарламалар ойдағыдай жүзеге асқан жағдайда мобилді қосымша экранында төлемнің орындалу қорытындысы СМС ескерту түрінде беріледі.

HandyPay деген не?
HandyPay — бұл сіздің ұялы телефоныңыздағы дербес төлем жүйесі, оны пайдалану арқылы Сіз жол полициясы қызметкерлері анықтаған жол жүру ережесін бұзуға байланысты әкімішілік айыппұлдарды төлей аласыз.
HandyPay жүйесіне қосылусыз қосымшаны орнатып, Сіз жол жүру ережесін бұзушылық туралы ақпаратты сұратып алдырасыз және қарай аласыз.
HandyPay-ға қалай қосылуға болады?
HandyPay жүйесіне қосылу үшін пайдаланушыға «Альянс банк» АҚ –ның кез келген бөлімшесіне баруы керек. Өзімен бірге жеке куәлігі мен СТН куәлігі болуы шарт, сосын HandyPay жүйесіне қосылуға келісімшарт жасасады. Ал есепшот болмаған жағдайда, есепшот ашуға да келісімшарт жасалады. Толығырақ www.handypay.kz.

Қосымшаны қалай орнатуға болады?
HandyPay.Mobile өзіңіздің телефонға орнату бірнеше тәсілмен жүзеге асады:
Телефон браузерінен тікелей мекенжайды теріп, қосымшаны жүктеуге http://www.handypay....t/handypay.jar.
Қосымшаны жүктеу тәртібін оңайлату үшін 2588 қысқа нөміріне MIDLET мәтініндегі хабарламаны жібересіз, сіздің телефоныңызға қосымшаны жүктеуге арналған сілтеме бар жауап хабарлама ретінде келеді. Келген сілтемеге шығып, HandyPay.Mobile жүктесеңіз де болады. Нақты ақпараттар алу үшін http://www.handypay....?fld=JavaMidlet сілтемесіне шығыңыз.

Төлемнің жүргізілгенін нақты білуге және айыппұлды алдырып тастау үшін ЖПБ бару қажет пе?
Сізге төлемнің жүргізілгенін білуге және айыппұлды алдырып тастауға Жол полициясы басқармасына барудың қажеті жоқ. Банктен төлемнің жүргізілгені туралы дәлелдеме келгеннен кейін, төлем жөніндегі ескерту автоматты түрде «Электрондық үкіметтің» Төлем шлюзі» автоматтандырылған жүйесі арқылы ҚР ІІМ-нің дерек қорына жөнелтіледі. Бұл ҚР ІІМ дерек қорындағы ереже бұзушылықты автоматты түрде өтейді.

Төлем жүргізілгеніне дәлелдеме деген не?
Төлем жүргізу аяқталғанын білдіретін СМС ескерту болып табылады, ол мобилді қосымша хабарламаларында сақталады. Пайдаланушы немесе банк клиенті қажет болған жағдайда банк бөлімшесіне барып, HandyPay арқылы жүргізілген төлем туралы жазып ала алады.

Төлем жүргізу кезіндегі қызмет құнына не кіреді?
Қызмет құнына: 30 теңге көлеміндегі банк комиссиясы, екі СМС хабарламасының құны және ұялы телефон балансынан ұсталатын интернетті пайдалануға кеткен ұялы операторлар тарифіне тәуелді шығын кіреді.

  • 0



X

Размещение рекламы на сайте     Предложения о сотрудничестве     Служба поддержки пользователей

© 2011-2016 vse.kz. При любом использовании материалов Форума ссылка на vse.kz обязательна.